Қанды қаңтардың салдары: 20 адам кездейсоқ оққа ұшып, 230 адам қайтыс болған

Бас прокурор қаңтар оқиғасына байланысты мәлімдеме жасады


14/03/2022
12:04 35951 0

ҚР Бас прокуроры Берік Асылов парламент мәжілісінде қаңтар оқиғасына байланысты мәлімдеме жасады. 

 

Бас прокурордың сөзінше, қазір қаңтар оқиғасына байланысты үш мыңнан астам іс қозғалған. Оның басым бөлігін ІІМ қарауда. 

 

Қаңтар оқиғасына байланысты 3770 қылсыстық іс қозғалды. Оның басым бөлігі ІІМ өндірісінде. Олар — адам өлтіру, ұрлық,  бұзақылық, қару ұрлау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі тергеудің заңсыз тәсілдерін қолдану фактілері бойынша 234 істі жүргізуде.ҰҚК «мемлекетке опасыздық жазау», «билікті басып алуға әрекет ету», «аса ірі көлемде пара алу» баптары бойынша 15 іс қарауда. Бұл істер бойынша ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның үш орынбасары қамауға алынды, —деді Асылов. 

 

Берік Асылов Бас прокуратураның осы уақытқа дейін 350 мың тереу істерін жүргізгенін айтты. Оның айтуынша, іс барысында 766 адам қамауға алынған. Олардың арасында Арман Жұмагелдив те «Дикий Арман» да бар. 

 

Қазіргі уақытта Бас прокуратураның арнайы прокурордың қатысуымен 350 мыңға жуық тергеп-тексеру жүргізілді. Оның ішінде 20 мың тергеу, тінту жұмыстары бар. 3,5 мың сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қамауға алынған күдіктілердің саны — 766 адам. Олардың басым көпшілігі 30 жасқа дейінгі жастар. Олардың 19-ы деструктивті ағым өкілдері, 24-і ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесі, 13 адамның кісі өлтірген, ұрлық жасағаны үшін соттылығы бар. Мысалы, қамауда Арман Жұмагелдиев «Дикий Арман» мен оның қылмыстық тобының 14  мүшесі отыр. Қылмысқа қатысы бар делінген 20 мың іс қаралды, — деді Бас прокурор.  

 

Бас прокурордың сөзінше, қазір жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру бойынша 44 іс қозғалған. 

 

Жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру бойынша 44 қылмыстық іс қаралуда. Ақтөбе, Жамбыл облыстарында 9 адам ұсталды. Жаппай тәртіпсіздікке қатысу бойынша 15 іс қозғалды. Күдікті ретінде 527 адам өтуде, 278 адам қамауда отыр. Терроризм бойынша 46 іс қаралуда, — деді Асылов.

 

Берік Асыловтың айтынша, қаңтар оқиғасы кезінде бірнеше полиция және ұлттық қауіпсіздік департаменті басшылары ғимараттарын тастап кетіп қалған. Осыған байланысты 7 іс қозғалған. 

 

Қаңтардың бесі күні Жамбыл, Қызылорда, Алматы облысы мен қаласында екі полиция департаменті мен үш ұлттық қауіпсіздік департаментінің басшылары өз ғимараттарын тастап кеткен. Оның ішінде қарулы ғимараттар бар. Бұл істер бойынша 7 іс қозғалған. Алматы қалалық ҰҚД басшысы Мажелов қамауға алынды... Алматы және Жамбыл облысындағы екі департаменттен ғана қылмыскерлер 800-ге жуық қару-жарақ ұрлаған, — деді Бас прокурор. 

 

Бас прокурор осы уақытқа дейін азаптау фактілері бойынша 301 арыз келіп түскен. Бұл істерге байланысты 243қылмыстық іс қозғалған.  

 

Азаптау фактілері бойынша прокуратураға 301 арыз келіп түсті. Ол арыздар бойынша 243 іс қозғалды. Жемқорлық қарсы іс-қимыл қызметінде 234 іс қаралуда. 9 резонанстық істі арнайы прокуратура қарап жатыр. Аталмыш іс бойынша 9 лауазымды тұлға ұсталды.Оның ішінде 8 ҰҚД қызметкері мен 1 полиция қызметкері бар. Алматы қаласында ҰҚД алты қызметкері 24 адамды азаптады деген күдікке іліккен. Бұдан бөлек, Алматы облысының ҰҚД екі қызметкері уақытша тергеу изоляторында қаза тапқан бір адамды азаптады деген күдікке іліккен, — деді Асылов.

 

Асылов қаңтар оқиғасы кезінде 230 адамның қаза тапқанын мәлімдеді. Оның сөзінше, қаза тапқандардың арасында 19 әскери қызметкер мен 20 кездейсоқ оққа ұшқан адам бар.

 

Қаңтар оқиғасында 230 адам қаза тапты. Оның ішінде 19 адам әскери қызметкерлер. Адамдардың басым көпшілігі Алматы қаласында қайтыс болған. Олардың саны 139 адам. Мемлекеттік ғимараттарды қорғау барсында 86 шабуылдаушы өлтірілген. 57 қаза тапқан адамның өліміне байланысты іс қаралып жатыр. Олар қала аумағында табылған. Өзге аймақтарда 67 шабуылдаушы құқық қорғаушылар тарапынан өлтірілген. Қазіргі уақытта біз 20 адамның кездейсоқ оққа ұшқанын білеміз. Олардың ішінде 11 адам Алматы қаласында, 8 адам Алматы облысында, 1 адам Тараз қаласында оққа ұшқан, — деді Бас прокурор. 

Поделиться

Нет комментариев.

14/03/2022 12:04
35951 0

Уведомление